-A A +A

2017 ЖЫЛДЫҢ 07 ҚАРАШАСЫНДА АҚСУ ҚАЛАЛЫҚ ӘДІЛЕТ БАСҚАРМАСЫМЕН МӘМӘЙІТ ОМАРОВ АТЫНДАҒЫ СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІНДЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

2017 жылдың 07 қарашасында Ақсу қаласының Әділет басқарма өкілімен Мамаит Омаров атындағы ауылдық округінде түсіндіру жұмысы өткізілді.

Халықпен кездесу барысында Ақсу қаласының Әділет басқарма өкілімен тұрғындарға тіркелмеген жылжымайтын мүлік объектілерін құжаттарды ресімдеу, тіркеу тәртібі, мерзімі, керекті құжаттар, мемлекеттік қызмет көрсету орыны және құжаттарды мемлекеттік тіркеуден өткізу туралы айтылды.

Жоғарыда көрсетілген іс-шараға 21 азамат қатысты.

Сонымен қатар, азаматтарға жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша жан-жанқты түсіндіру жұмысы өткізілді.

Ақсу қалалық

Әділет басқармасының инспекторы

Бушумбаева Д.Б.