-A A +A

«Ашық есік күні»

2017 жылдың 17 шілдесінде Павлодар облысы Әділет департаментінің Май аудандық Әділет басқармасымен Майтүбек а.о. жеке және заңды тұлғаларымен мемлекеттік органдар әрекеттерінің (әрекетсіздігінің), шешімдерінің заңдылығын даулау сұрағы бойынша кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Аталған шараға әділет басқармасы бөлімдерінің қызметкерлері, сот орындаушылары, жеке нотариустар мен адвокат қатысты.

         Өткізілген кездесу барысында қатысушылар мемлекеттік органдар әрекеттерінің заңдылығын даулаудың әкімшілік және сот түрлерімен таныстырылды. Жекелеп айтқанда, зияткерлік меншікті, жылжымайтын мүлікті, заңды тұлғаларды тіркеу және мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау сұрақтары түсіндірілді.

         Кездесу барысында қатысушылар тарапының ой-пікірлері тыңдалды, ол өз кезегінде мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың іс-әрекеттерінің заңдылығын бақылау, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау және ашық-құқықтық түрдегі дауларды шешудің тәртібіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.