-A A +A

«Doing Business» бойынша дөңгелек үстел

Ағымдағы жылдың 03 қарашасында Баянауыл аудандық әділет басқармасы Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының Баянауыл ауданындағы филиалы және Баянауыл ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімімен бірлесіп, «Doing Business» жылжымайтын мүлікті тіркеу индикаторы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Аталмыш іс-шара барысында Doing Business саласына қатысты жалпы түсініктемелер берілді. Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, олардың мерзімдері мен тәртібі бойынша кеңестер беріліп, сұрақтарына жауап қайтарылды.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар «Doing Business» жылжымайтын мүлікті тіркеу индикаторы жайлы пікір алмасып, осындай шараларды бірігіп, жиі ұйымдастыру керектігін шешті. 

М.Катарова,

Баянауыл аудандық әділет басқармасының жетекші маманы,

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі.