-A A +A

ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

    

        2017 жылдың 8 қарашасында Ертіс аудандық әділет басқармасының басшысы Ертіс аграрлық-техникалық колледжінде «Адвокаттық  қызмет және  заң көмегі туралы» Заң жобасы  бойынша дәріс өткізді.

       Дәріс барысында Заң жобасының нормалары бойынша түсінік берілді, атап айтқанда заң кеңесшісінің мәртебесі, құқықтары мен міндеттері, заң кеңесшілерінің палатасы,  адвокаттар алқасына кіру үшін төленетін алғашқы жарнапұлдың алынып тасталуы және «Pro bono»-халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына адвокаттар мен заң кеңесшілері тарапынан тегін заң көмегін көрсету тәсілі туралы студенттердің назарына жеткізілді.

     Кездесу соңында студенттер пікірлерін білдіріп, қойылған сауалдарына мамандармен қолданыстағы заң талаптарына сәйкес толықтай жауаптар алды.

 

Ертіс аудандық әділет басқармасы

басшысы,  «ҚЗО»РҚБ

Павлодарлық филиалының мүшесі                                                                                 Б. Касенов