-A A +A

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің тұрғындармен есептік кездесуі

Ағымдағы  жылдың  23 маусымында Павлодар  облысы әкімдігі  залында бейнеконференбайланыс  арқылы Әділет  министрі  М.   Бекетаевпен кездесу болды.

          Осы  іс-шараға  қатысу  үшін  үкіметтік емес  ұйымдардың,  мүдделі  мемлекеттік емес  органдар  мен   азаматтық  сектордың  өкілдері,  облыстық  "Қазақстан-Павлодар"  телеарнасы  мен   облыстық  газеттің  журналистері  шақырылды.

Кездесу барысында Марат Бекетаев Министрліктің қызметі және ведомствоның болашақ жоспарлары туралы баяндап берді.

          Министрдің есептемесінде  ұлттық заңнаманы қалыптастыру сияқты, құқықтық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, зияткерлік меншік құқығын қорғау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру, атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету, сот сараптамалық қызметті ұйымдастыру   сияқты бірқатар  шараларды  атап  өтті.