-A A +A

«Контрафакт» тақырыбына брифинг

       

Контрафактілік өнімдерді жасау фактілерін және ішкі сауда саттық ережелерін бұзуды алдын алуды жүзеге асыру мақсатында Ақтоғай ауданы Әділет басқармасымен «Контрафакт» тақырыбына брифинг өткізілді.

Аталған іс-шарада Ақтоғай ауданы Әділет басқармасының қызметкерлері, «Нұр Отан»  аудандық партия  филиалының, АІІБ ,кәсіпкерлер палатасының  өкілдері қатысты.

Іс –шараның мақсаты -  зияткерлік меншік құқығын қорғау саласында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын таныстырып өтті.

Қатысушылар  контрафактілік өнімдерді еліміздің  тауарайналымының негізгі өзегі басқа мемлекеттерден жеткізілетін тауарлардан туындайды . Осылайша, жоғарыда негізінде, тауар белгісі - тауарлар (қызмет көрсетулер) бiртектес тауарлар белгілі бір заңды немесе жеке тұлғаларды ажырата қызмет етеді белгілеу. Ел нарығында сапасы төмен,кей кезде қауіпті өнімдердің пайда болуы тұрғындардың денсаулығы мен өміріне зиян келтірумен қатар, еліміздің экономикасы мен абыройына үлкен нұқсан келтіреді.

     Ақтоғай АІІБ қызметкері  аталған салада алдын-алу, ескерту жұмыстарын күшейтуді ұсынды, лицензиясыз өнімдерді сату қылмыстық іс қозғауға әкеліп соғуы мүмкін екендігін ескертті.

 

Ақтоғай аудандық әділет

 басқармасының басшысы

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі А.Алибекова