-A A +A

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу мерзімі қысқартылды

2017 жылдың 14 қарашада Павлодар облысы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Хасенов Ерназар Мұхтарұлы Павлодар облыстық Халық радиосында «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 және «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулыларына енгізілген өзгерістер туралы» атты тақырыпқа сөз сөйлеген.

Іс – шара барысында бөлім басшысымен, нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларына, және Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірме берілді.

Солай, Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2017 жылғы 24 тамызда «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 және «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» № 506 қаулысы қабылданды.

Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларының 45 тармағына сәйкес, орталық органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілерін тіркеуді аумақтық әділет органдары құжаттар ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асырады.

         Бірлескен нормативтік құқықтық актілерді бірлесіп қабылдаған орталық органдар, олардың ведомстволары немесе жергілікті органдар оларды күшін жойды деп таниды не тоқтата тұрады.

      Осы тәртіп өзге де мемлекеттік органдармен келісу бойынша қабылданған актілерге де қолданылады

Соңында Е.М. Хасенов, жоғарыды аталған қаулы 2017 жылдың 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілгені туралы атап өтті.