-A A +A

Өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу

09 қараша 2017 жылғы Павлодар қалалық Әділет Басқармасында шағын және орта бизнес субъектілері өкілдерінің қатысуымен «Өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу» тақырыбы бойынша "дөңгелек үстел" өткізілді.

Кездесу барысында Әділет органдарының индикаторлары бойынша "Меншік құқығы", "Бизнес ашу", " Келісім-шарттар орындалуын қамтамасыз ету " және "Зияткерлік меншікті қорғау" қызметтерімен таныстырылып, сондай-ақ, заңды тұлғаларды тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, зияткерлік меншік құқықтары мәселелері бойынша кеңестер мен жалпы түсінік берілді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша дөңгелек үстел қатысушылары пікір алмасып, Әділет органдарының өкілдерімен, бизнес-қауымдастықтар, азаматтардың жағдайларын бизнес бойынша одан әрі жақсарту қажеттілігі туралы бірлескен жұмыс өткізуді жоспарлады.

 

«Павлодара қ. Әділет басқармасы» РММ