-A A +A

Өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу

    

 23 қараша айының 2017 жылы Ақтоғай ауданының Әділет басқармасының бас маманы Альханова Д.М. «Өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу» тақырыбына дәрістеме  өткізілді. Аталған іс-шарада Ақтоғай ауданы Әділет басқармасының қызметкерлері,  кәсіпкерлік палатасының өкілдері және кәсіпкерлер қатысты.

Іс-шара барысында Әділет басқармасының бас маманы Д.Альханова қатысқандарға интеллектуалдық меншік және  бұл тауарлар, жұмыстар немесе қызметтердің азаматтық айналымына қатысушыларды дараландыру құралдары және зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелері. Басқаша айтқанда интеллектуалдық меншік екі түрге бөлінеді: бірінші – бұл өнер туындысы, шығармашылық және ғылыми әзірлемелер, ноу-хау, екінші түрі компания немесе тұлға басқалардан ерекшелене алатын тауарлық белгілер, логотип, ұран және т.б. деп түсіндірді

    Осы объектілерге құқықтарды тіркеу үшін толтырылған өтінішті,құжаттың, жеке куәліктің  көшірмесін және өнер туындысының данасын немесе аудио-визуалды туынды жазбасы бар тасымалдағышты, сызба эскиздерін немесе басқаларын қызмет нәтижесінің түріне байланысты  ұсыну қажет. Құжаттың аталмыш пакеті тапсырылады немесе поштамен ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы комитетінің  кеңсесіне жіберіледі.  Бұл жерде мұқият болыңыз, егер үш айдың ішінде қажетті материалдар ұсынылмаса сізге тіркеуден бас тартуы мүмкін. Шешім 20 жұмыс күні ішінде қабылданады, нәтижесінде сіз авторлық құқық объектісіне құқықты мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қағаз түрінде аласыз. Сонымен қатар өнеркәсіптік меншік объектілерінt  пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер жатады деп белгіленді.

 

Ақтоғай аудандық әділет

 басқармасының бас маманы

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі Альханова Д.М.