-A A +A

Өнертабысты құқықтық қорғау

Ағымдағы жылдың 11 желтоқсан күнні Баянауыл аудандық әділет басқармасы Баянауыл ауданы кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі, Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының Баянауыл ауданындағы филиалымен бірлесіп, «Өнертабысты құқықтық қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Шарада өнертабысты құқықтық қорғау, зияткерлік меншік құқықтары бойынша сөз қозғалды. Сонымен қатар, қатысушыларға тақырып бойынша кеңестер берілді.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар аталмыш тақырып бойынша пікіралмасып, бұндай іс-шараларды шағын және орта бизнес субъектілеріне жиі өткізіп тұруды шешті. 

Баянауыл ауданы Әділет басқармасы