-A A +A

Павлодар облысы Әділет департаментінде Тәуелсіздік күнін мерекелеу

Павлодар облысы Әділет департаменті  2017 жылдың 15 желтоқсанында – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мереке ұйымдастырды. Мереке барысында 16  адам марапатталды. Соның ішінде: 1 адам Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 3 дәрежелі «Заңгер» тосбелгісімен, 2 адам Казақстан Республикасының Әділет министрі грамотасымен және алғыс хатымен марапатталды. Үйлестіру кеңесі төрағасының грамотасымен және алғыс хатымен 6 адам  марапатталды. Павлодар облысы Әділет департаментінің 7 қызметкерлері Павлодар облысы Әділет департаменті басшысының грамотасымен және алғыс хатымен марапатталды. Мереке ойдағыдай қызықты өтті.