-A A +A

Павлодар облысы Әділет департаментінің мемлекеттік қызметті көрсету сапасын жақсарту мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалы «ХҚКО» департаментімен қарым – қатынас.

2017 жылдың 27 қазанында Павлодар облысының Әділет департаментімен  «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалы «ХҚКО» департаментінің өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызметті көрсету саласында нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру» тақырыбына оқыту семинары өткізілді. Семинар барысында қатысушылармен Қазақстан Республикасының Әділет министрінің бұйрықтарымен бекітілген Стандарттарға және Регламенттерге сәйкес мәселелі сұрақтар қарастырылды.

Өткізілген семинар нәтижесі бойынша ҚР заңнамалық актілерін басшылыққа алу және қатаң сақтауға, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын жоғарылату үшін халық арасында кеңестік жұмыстар жүргізу бойынша ведеомствааралық ынтымақтастық туралы шешім қабылданды.