-A A +A

«Павлодар облысының Әділет департаментінің 2017 жылдың 1 жартыжылдығының қызметі қорытындыланды»

2017 жылдың 12 шілдесінде Павлодар облысының Әділет департаментінің басшысы Е.А. Сейдімбек төрағалығымен Павлодар облысы Әділет департаментінің 2017 жылдың 1 жартыжылдығының жұмысын қорытындылау бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті.

         Отырысқа Павлодар облысының Әділет департаментінің басшылығы, құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің басшылары қатысты.

         Отырыстың шеңберінде Әділет департаментінің басшысы орынбасарларының, жеке құрылымдық бөлімшелер басшыларының баяндамалары тыңдалды.

         Баяндамаларда барлық қызмет салалары бойынша 2017 жылдың 1 жартыжылдығының жұмыс қорытындылары айтылды, сондай-ақ Әділет департаментінің алдында 2017 жылдың 2 жартыжылдығында тұрған бірқатар сұрақтар мен міндеттер талқыланды.

         Отырысты қорытындылай келе, Е.А. Сейдімбек отырысқа қатысушыларға Әділет департаментінің қызметін жақсартуға бағытталған нақты міндеттер қойды.