-A A +A

«Павлодар облысының Әділет департаментінің халықпен есептік кездесуі өтті»

         Павлодар облысының Әділет департаментімен 2017 жылғы 04 шілдеде «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалының ғимаратында Павлодар облысының Әділет департаментінің 2017 жылдың 1 жартыжылдығының атқарушылық іс жүргізу саласындағы жұмыс қорытындылары бойынша халықпен есептік кездесу өтті.

         Кездесуге облыстың тұрғындары, әділет органдарының ардагерлері, мемлекеттік органдар, қоғам мен кәсіпкерлік өкілдері шақырылды. Барлығы 101 адам  қатысты.

         Павлодар облысының Әділет департаментінің басшысы Е.А. Сейдімбек кездесуге қатысушыларға Әділет департаментінің атқарушылық іс жүргізу саласындағы қызметі туралы ақпарат ұсынды, қолданыстағы заңнамамен енгізілген жаңашылдықтарға, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 27 қадамын іске асыру бойынша шараларға, Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтінгінде «Келісімшарттарды орындау» көрсеткіші бойынша Қазақстанның позициясын жақсарту шеңберінде атқарылған жұмысқа толық толықталды.

         Баяндамасының соңында Әділет департаментінің басшысы есептік кездесуге қатысушылармен қойылған сұрақтарға жауап берді.

         Есептік кездесуден кейін Әділет департаментінің қызметкерлері азаматтарды қабылдады, қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.