-A A +A

Студентерге арналған оқыту семинары

      2017 жылдың  30 қарашасында Павлодар Инновациялық Еуразия университетінде «Зияткерлік меншік құқығын қорғау» тақырыбы бойынша студенттердің, магистранттардың және жас оқытушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, алған білімдерін практикалық қызметінде дұрыс қолдану мақсатында 4-сағатық оқыту семинары өткізілді.

          Семинар лекторы Инновациялық Еуразия университетінің ғылыми-талдау бөлімінің бастығы, ҚР патент сендірілгені А.П. Абраменкомен және  Павлодар облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімі басшысы Б.Ж. Сейтбатталовпен аудиторияға зитякерлік меншік құқығын корғау саласы туралы ақпарат ұсынылды.

          Семинар барысында студенттермен авторлық құқықығын қорғау объектілері, өнеркәсіптік меншік, дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттіліктің жиһандық индексінің «Зияткерлік меншік құқығын қорғау» индикаторы, тауар белгісін және авторлық құқықты мемлекеттік тіркеу процедурасы бойынша бірталай көп сұрақтар қарастырылды.

 

Павлодар облысы Әділет депаратментінің

зияткелік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Б.Ж.Сейтбатталов