-A A +A

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу

2017 жылдың 06 қарашасында Баянауыл аудандық әділет басқармасы Баянауыл ауданының кәсіпкерлер және ауылшаруашылығы бөлімінің қызметкерлері мен заңды тұлғаларға «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу» тақырыбы бойынша семинар өткізді.

Аталмыш іс-шара барысында заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша жалпы түсініктемелер беріліп, оның мерзімдері мен тәртібі жайлы айтып өтті. Сонымен қатар, қатысушыларға заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге қатысты  кеңестер беріліп, сұрақтарына жауап қайтарылды.

Семинар соңында қатысушылар заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бойынша ақпаратты мәлімет үшін қабылдап, жиі өткізіп тұрғанын атап өтті. 

М.Катарова,

Баянауыл аудандық әділет басқармасының жетекші маманы,

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі.