-A A +A

Жылжымайтын мүлікті онлайн режимінде тіркеу бойынша семинар-кеңес

 

       «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру мақсатында ағымдағы жылдың  11 қаңтарында   Екібастұз қалалық Әділет басқармасының ұйымдастыруымен семинар-кеңес өткізілді.

      Іс-шараға Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері және жеке нотариустар қатысты.

       Семинар барысында электрондық тіркеу бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеден құқықтық кадастрға автоматты түрде түсетін құқық белгілейтін құжаттың көшірмесінің негізінде жүзеге асырылатындығы түсіндіріліп, жер учаскілерін, жылжымайтын мүлік объектілерін бөлу, біріктіру кезінде туындайтын өзекті проблемаларды болдырмау, жылжымайтын мүлікті нотариалдық рәсіммен электронды тіркеу мәселелері талқыланды.

        Кездесу соңында қатысушылар тарапынан пікірлер айтылып, барлық қойылған сұрақтарға толықтай жауап берілді.