-A A +A

Павлодар облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы

Павлодар облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Самат Төлешұлы Жұмашев, тел. 8 705 606 00 06, эл. пошта zhumashev_samat@mail.ru palatachsi14@gmail.com

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, 1 Май көшесі 189, индекс: 140000

 

Өңірлік палатаның негізгі міндеті жеке сот орындаушыларының өз міндеттерін орындауын ұйымдастыру, сондай-ақ азаматтық құқықтық қатынастар қатынастар қатысушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Өңірлік палата қызметінің негізгі мәні:

  1. мемлекеттік органдарда, ұйымдарды жеке сот орындаушыларының мүдделерін ұсыну және қорғау;
  2. атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызметін дамытуда көмек көрсету және ықпал жасау;
  3. жеке сот орындаушыларының атқарушылық әрекеттер жасаған кезде Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасын сақтауына кәсіби бақылауды жүзеге асыру;
  4. келіп түскен шағымдарға және мүдделі тұлғалардың өзге өтініштеріне байланысты жеке сот орындаушысынан жасалған атқарушылық әрекеттер туралы мәліметтерді, оның қаржылық-шаруашылық қызметіне қатысты өзге құжаттарды, жеке түсіктемелерін, оның ішінде кәсіби этиканы сақтамау мәселелері бойынша түсініктемесін талап ету;
  5. жеке сот орындаушысының лауазымына үміткер тұлғаларға тағылымдама ұйымдастыру;
  6. білім ұйымдарымен бірлесіп, жеке сот орындаушыларына растау құжаттарын берумен оқыту (біліктілікті арттыру) жүргізу;
  7. уәкілетті органға жеке сот орындаушысының лауазымына тағайындау үшін үміткерлерге ұсыныстар (қолдаухаттар) енгізу;
  8. заңнаманың, Жеке сот орындаушыларының кәсіби ар намыс кодексінің, Жарғының талаптарын сақтау мәселелрі бойынша тәртіптік комиссия құру және жұмысын ұйымдастыру;
  9. жеке сот орындаушыларының өздерінің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде келтірген залалды өтеу бойынша міндеттемелерін орындауына бақылауды жүзеге асыру;
  10. жеке сот орындаушысы лизензиясының қолданысын тоқтата тұру және тоқтату туралы ұсыныстар енгізу;
  11. Жеке сот орындаушылары міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда, атап айтсақ жеке сот орындаушыларының азаматтық құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге талаптарын бұзғаны туралы уәкілетті органның аумақтық органына хабарлау.