-A A +A

ҚР Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» РМҚК Павлодар филиалы

140001, Павлодар қаласы, Парковая көшесі, 29 үй

Телефон  607927 бухгалтерия, 607923 қабылдау

Е-mail: psme_ pv@ mail.ru

Директор Абдыкаримов Ержан Оразбекович

директорының міндетін атқарушы Молдабеков Дулат Советбекұлы

Филиалдың мақсаттары, міндеттері және атқаратын қызметтері

Кәсіпорын тәрізді Филиал қызметінің негізгі пәні мен мақсаты да сот-медициналық сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу және сот медицинасы мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру болып табылады.

Филиал  қызметінің негізгі түрлері мыналар болып табылады:

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қылмыстық, азаматтық және әкімшілік  сот жүргізу бойынша сот-медициналық сараптамалар жүргізу;                                                                                                                                  -медициналык көмек көрсетудің кемшіліктерін анықтау;

- сот- медицинасы сараптамасының теориялық және тәжірибелік мәселелеріне бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстары;

  • сот-сараптамасын ғылыми-әдістемемен қамтамасыз ету;

-сот-медициналық сараптама мәселелері бойынша әдістемелік  және ақпараттық материалдар дайындау және баспадан шығару;

-сот-медициналық сарапшылық  қызметі мәселелері бойынша медициналық кадрларды дайындау және қайта дайындықтан өткізу;

-сот- медицинасы мәселелері және медициналық қызмет көрсету

сапасын жақсарту бойынша медициналық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарымен біргелікте семинарлар, кеңестер, конференциялар  ұйымдастыру мен жүргізуге қатысу;

-халықаралық ғылыми байланыстар орнату, шет елдік ғылымдар мен ғылыми-тәжірибелік  мекемелермен бipгe сот медицинасы саласында біріккен ғылыми-тәжірибелік зерттеулер жүргізу;

-аса жұқпалы ауруларды анықтауда катысу.

Әрекет етіп тұрған заңнамалар тарапынан Кәсіпорын филиалдарына жүзеге асыруға рұқсат берілмеген қызмет түрлерінен басқа, Кәсіпорын Жарғысында қарастырылған өзге де қызмет түрлерін Филиал жүзеге асыруы мүмкін.

Қарастырылмаған қызмет түрлері  Кәсіпорын директоры тарапынан бекітілген Филиалдың ағымдағы және болашақтағы жоспарлары мен бағдарламарына сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттік лицензиялауды және аккредитациялауды қажет ететін қызметтер Филиал  тарапынан сәйкес лицензия немесе аккредитациялау туралы куәлігі болған жағдайда жүзеге асырылады.

Филиал Кәсіпорынның Жарғысында бекітілген Кәсіпорын  қызметінің пәні мен міндеттеріне жауап бермейтін қызметтерді жузеге асыруға және келісімдер  жасауға құқығы жоқ.

Іс-шаралар:

-Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес кылмыстык, азаматтық және әкімшілік  сот жүргізу бойынша сот-медициналық және сотнаркологиялық сараптамалар жүргізу

- ақылы азаматтардың жеке өтініші бойынша сот және сот-наркологиялық зерттеулер жүзеге асыру:

-медициналык көмек көрсетудің кемшіліктерін анықтау:

-сот- медицинасы және сот-наркологиясы сараптамасының теориялық және тәжірибелік мәселелеріне бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстары:

-сот-сараптамасын және сот-наркологиясының ғылыми-әдістемемен қамтамасыз ету:

-сот-медициналық және сот-наркологиялық сараптама мәселелері бойынша әдістемелік  және ақпараттық материалдар дайындау және баспадан шығару:

-сот-медициналық және сот-наркологиялық сарапшылық  қызметі мәселелері бойынша медициналық кадрларды дайындау және қайта дайындықтан өткізу;

-сот- медицинасы және сот-наркологиясы мәселелері және медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша медициналық қызмет көрсетуді жузеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарымен біргелікте семинарлар, кеңестер, конференциялар  ұйымдастыру мен жүргізуге қатысу  халықаралык ғылыми байланыстар орнату, шет елдік ғылымдар мен ғылыми-тәжірибелік  мекемелермен бipгe сот медицинасы және сот-наркологиясы саласында біріккен ғылыми-тәжірибелік зерттеулер жүргізу;

 

-аса жұқпалы ауруларды анықтауда катысу.