-A A +A

Әділет департаменті басшысының орынбасары

 

Тұқтыбаева Айгүл Құмарқызы – Павлодар облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары.

Тұқтыбаева Айгүл Құмарқызы 1981 жылы 25 мамырда туған, Павлодар облысының тумасы. 2002 жылы «Заңтану» мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

2003 жылдың сәуір айынан бастап 2004 жылға дейін – Павлодар облысы Әділет басқармасы заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің жетекші маманы.

2005 жылдың қаңтар айынан бастап 2005 жылдың маусым айына дейін – Павлодар облысы Әділет департаменті құқықтық насихат және халыққа заңгерлік көмек көрсету жөніндегі бөлімінің бас маманы.

2005 жылдың маусым айынан бастап 2013 жылдың тамыз айына дейін – Павлодар облысы Әділет департаменті құқықтық насихат және халыққа заңгерлік көмек көрсету жөніндегі бөлімінің басшысы.

2013 жылдың тамыз айынан бастап - Павлодар облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары.

 

Бегім Ибрагимұлы Тасқұлов - Павлодар облысының Әділет департаментінің басшысының орынбасары
Бегім Ибрагимұлы Тасқұлов 3 маусым 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласында дүниеге келген.
2002 жылы Мардан Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының заң факультетін бітірген.
2003-2007 жылдар аралығында Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының маманы, Астана қаласының соттар әкімшісінің сот орындаушысы, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының маманы қызметтерін атқарған.
2007-2009 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің жетекші маманы, сарапшысы болып еңбек етті.
2009-2010 жылдар - Алматы облысының Әділет департаментінің Ақсу ауданының Әділет басқармасының бастығы;
2010 жылдан 2013 жылдың тамыз айына дейін Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданының Әділет басқармасының басшысының қызметін атқарды.
2013 жылдың тамыз айынан 2013 жылдың шілдесіне дейін - Атырау облысының Әділет департаментінің басшысының орынбасары;
2013 жылғы 15 шілдеден бастап - Павлодар облысының Әділет департаментінің басшысының орынбасары.

 

Төлепов Мейіржан Шерманұлы – Павлодар облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары.

Төлепов Мейіржан Шерманұлы 1981 жылы 10 шілдеде туған, Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы.

2003 жылы «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін бітірген.

2005 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін бітірген.

2014 жылы Пенсильвания Мемлекеттік университетінің Халықаралық қатынастар мектебін (АҚШ) бітіріп, «Халықаралық қатынастар магистрі» дәрежесін алды.

Еңбек қызметін 2003 жылы «Кеден Брокер НС» ЖШС-де (Шымкент қал.) бастап, кедендік рәсімдеу брокері, бас менеджер және ЖШС директорының орынбасары лауазымдарын атқарған.

Мемлекеттік қызметті 2007 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылымында Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінде бастап, жетекші және бас маманы, сондай-ақ бөлім басшысы лауазымдарын атқарған.

Павлодар облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары қызметіне тағайындау алдын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық экономикалық интеграция бойынша жобаларды сараптау департаментінде және Мамандандырылған мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау жөніндегі департаментінде жұмыс атқарып келген.

2017 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысының бұйрығымен Павлодар облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Үйленген, екі қызды тәрбиелеуде.

 

 

Тавлютова Шынар Михаиловна – Павлодар облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары.

Тавлютова Шынар Михаиловна 1973 жылдың 02 шілдесінде Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келген.

1995-2000 жылдар аралығында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін мектептегі тарих және құқық мамандығы бойынша, 2000-2002 жылдар аралығында Қазақ гуманитарлық – заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Шынар Михаиловна Тавлютова еңбек жолын 1991 жылдың 09 қыркүйегінен 1997 жылдың 29 мамырына дейін – ШҚО, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылында Бородулиха аудындық халықтық сотының сот орындаушысы ретінде бастады.

1997 жылдың 27 маусымынан 1998 жылдың 01 маусымына дейін - ШҚО, Бородулиха аудыны, Бородулиха ауылында Бородулиха аудандық сотының сот орындаушысы ретінде қызмет етті.

1998 жылдың 01 маусымынан 1999 жылдың 01 қазаны аралығында - ШҚО, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылында  Шығыс Қазақстан облысы бойынша сот орындаушылар мен сот жасауылдары департаментінің Бородулиха аумақтық участкісінің сот орындаушыларының аға - сот орындаушысы ретінде қызмет етті.

1999 жылдың 01 қазанынан 2001 жылдың 14 сәуіріне дейін - ШҚО, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылында сот қаулыларын орындау Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Бородулиха аумақтық участкісінің аға-сот орындаушысы ретінде қызмет етті.

2001 жылдың 16 сәуірінен 2005 жылдың 13 желтоқсан аралығында ШҚО, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылында Шығыс Қазақстан облысы сот Әкімшісінің Бородулиха аумақтық участкісінің аға - сот орындаушысы ретінде қызмет етті.

2005 жылдың 13желтоқсанынан 2006 жылдың 06 шілдесіне дейін ШҚО, Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан облысы соттар Әкімшісінің Өскемен аумақтық участкісінің сот орындаушысы ретінде қызмет етті.

2006 жылдың 07 шілдесінен 2007 жылдың 01 маусымына дейін ШҚО, Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің нормативті құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің бас маманы ретінде қызмет етті.

2007 жылдың 01 маусымынан 2007 жылдың 15 маусымына дейін Астана қаласы Әділет департаменті құжаттама және халықты тіркеуді ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы ретінде қызмет етті.

2007 жылдың 15 маусымынан 2007 жылдың 16 тамызына дейін Астана қаласы Әділет департаменті құжаттама және халықты тіркеуді ұйымдастыру бөлімінің бас маманы ретінде қызмет етті.

2007 жылдың 16 тамызынан 2008 жылдың 01 сәуірі аралығында Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің нормативтік құқықтық актілерді талдау және бақылау басқармасы нормативтік құқықтық актілерді бақылау бөлімінің бас маманы ретінде қызмет етті.

2008 жылдың 01 сәуірінен 2008 жылдың 20 қазанына дейін Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің нормативтік құқықтық актілерді талдау және бақылау басқармасы нормативтік құқықтық актілерді бақылау секторының сарапшысы ретінде қызмет етті.

2008 жылдың 21 қазанынан 2011 жылдың 22 сәуірі аралығында Астана қаласы, Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды тіркеу Агенттігінің Заңнамалық департаментінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының құқықтық талдау сұрақтары бойынша сарапшы ретінде қызмет етті.

2011 жылдың 22 сәуірінен 2012 жылдың 05 қарашасына дейін Астана қаласы, Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды тіркеу Агенттігінің Заңнамалық департаментінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының құқықтық сараптама сұрақтары бойынша бас сарапшы ретінде қызмет етті.

2012 жылдың 05 қарашасынан 2014 жылдың 23 қазаны аралығында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаментінің ұйымдастыру-талдау және құқықтық жұмыс басқармасының бас сарапшысы ретінде қызмет етті.

2014 жылдың 23 қазанынан 2015 жылдың 08 қазанына дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жеке сот орындаушылардың қызметін ұйымдастыру басқармасының бас сарапшысы ретінде қызмет етті.

2015 жылдың 08 қазанынан қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары ретінде қызметін атқаруда.