-A A +A

Тарихы

Қазақстан Республикасының әділет органдары Қазақстан Кеңестік Социалистік Республикасы ірге көтеріп, қаз тұра бастаған сәттен, тәуелсіздік туын көтерген, бүгінгі күнімізге дейін өркениетті құқықтық мемлекетке жүктелетін міндетті абыроймен атқарып келеді.

Әділет органдарының 90 жылдық тарихы халық тарихының ажырамас бір бөлігі болып табылады.

Халық Комиссарлары Кеңесінің 1919 жылғы 10 шілдедегі Декретімен Қырғыз өлкесін басқаратын Қазақстан Кеңестерінің съезін шақырғанға дейін уақытша орган - әскери-революциялық комитет құрылып, өлкенің әскери-азаматтық жоғары басқару билігі осы комитеттің қолына берілді. 1919 жылғы 30 қыркүйекте Кирревкомның юстиция (әділет) бөлімін құру туралы қаулысы қабылданды. Әділет органдары алғаш іске кіріскен сәттен-ақ өздерінің басты міндеті юстиция сөзінің грек тілінен аударғандағы ұғымына сай әділеттілікті орнықтыру деп білді.

Сол жылдарда орталық юстиция бөлімі құрамына сот тергеу, әкімшілік-шаруашылық, заңдық болжам, жазалау және нотариат бөлімшелері кірді.

Кирревкомның 1920 жылғы 30 шілдедегі қаулысымен орталық юстиция бөлімі өлкелік юстиция халық комиссариаты болып құрылды, ол заң шығарушы, нұсқау беруші, хабардар етуші және барлық әділет органдарын біріктіруші орган болды және оған бүкіл республика аумағында сотқа қатысты істі басқару мен жетекшілік жасау міндеті жүктелді.

Қазақ КСР юстиция халық комиссарының 1939 жылдағы 5 қаңтардағы №7 бұйрығымен Халық депаутаттары Павлодар облыстық Советі атқару комитеті жанынан Қазақ КСРО Юстиция Халық комиссариатының басқармасы құрылды.

Павлодар облысы бойынша Қазақ КСР Халық комиссариаты басқармасының бастығы әр жылдарда П.Д.Ермаков, Коновалов Г.А., Смирнов В.А., Каримов А.Г., Тілегенов және т.б. болды.

1946 жылы Қазақ КСР Юстиия Халық комиссариаты Қазақ КСР Юстиция министрлігі болып қайта құрылуына байланысты облыстық әділет басқармасы Қазақ КСР Юстиция министрлігінің еңбекшілер депутаттары Павлодар облыстық Кеңесінің жанындағы басқармасы деп аталады және сот басқармасы органын ретінде ұйымдастырылды, ал облыстық соттар халық слттарына ұйымдастырушылық - әкімшілік қызметті орындау міндетінен босатылып, тек сот органдары ғана болып қалды.

Облыстық әділет басқармасына халық соттарының қызметіне ұйымдастырушылық-практикалық басшылық ету, сондай-ақ Қылмыстық және азаматтық істерді қараған кезде олардың заңдарды қолдануына, судьялардың сайлаушылар алдында есеп беруіне бақылау жасау, сот органдарының штаттары мен сметаларын, облыстағы халық соттарының жүйесі, сайлауға жататын судьялар мен халық заседательдерінің саны туралы ұсыныстар жасау міндеті жүктелді.

Павлодар облыстық Юстиция басқармасының қарамағында қылмыстық және азаматтық істер жөніндегі екі коллегиясымен облыстық сот жнее 15 сот учаскесі болды.

Сонымен қатар юстиция басқармасы нотариалдық кеңселер мен адвокатура президиумының   жұмысына басшылық етті.

1956 жылғы тамызда Қазқ КСР Юстиция министрлігі таратылуына байланысты Павлодар облыстық юстиция басқармасы таратылды. Оның қызметі облыстық сотқа берілді.

Бүкіл Қазақстандағы сияқты, 1970 жылы Павлодар облысында халық депутаттары облыстық Кеңесі атқару комитеті жанынан жаңадан юстиция басқармасы құрылды.

Атқару комитетінің 1971 жылғы 29 маусымдағы он үшінші шақырылған бірінші сессиясында Иван Степанович Меерзонов бөлімнің тұңғыш бастығы болып бекітілді. Ол бұл қызметте 1986 жылдың тамызына дейін істеді.

Атрощенко Александр Павлович (1986-1992 ж.ж.);

Турсунбеков Акылжан Турсунбекұлы(1992-1999 ж.ж.);

Момбеков Нурлан Нургалиұлы  (1999-2000 ж.ж.);

Дубаев Рашид Култайұлы(2000 – 2002 ж.ж.);

Кожамжаров Темирболат Жанайдарұлы(2002-2005 ж.ж.);

Дубаев Рашид Култайұлы(2005  –2009 ж.ж.);

Жолдыбаева Ғалия Тағыбердіқызы  (2009 ж. – 2012г.)

Қантарбаев Ардақ Амангельдіұлы (2012 жылы қыркүйек айынан қазіргі кезге дейін)

Тәуелсіз Қазақстанның арқасында әділет органының жаңа тарихи сатысы басталып келеді.

2002 жылғы 18 наурызда Парламент «Әділет органдары туралы» Заңды қабылдады. Бұл заңға сәйкес әділет органдары өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін атқарушы билік органдары болып табылады.

Еліміздегі жүргізіліп жатқан қоғамды одан әрі демократияландыру саясатына байланысты, Қазақстан Республикасының Президенті мақұлдаған Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру барысында Әділет министрлігінің рөлі одан әрі өсуде.

Әділет министрлігіне құжаттандыру мен Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәліктер мен төлқұжаттар беру жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер жүйесі берілді. Бұл шара азаматтарға заңдарда көрсетілген барлық тіркеу тәртібін бір органда өткізуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2014 жылғы 23 қыркүйектегі қаулысына сәйкес, атқарушы құжаттардың функцияларын орындаулуы Әділет департаменттеріне ауыстырылды.

Бүгінгі таңда Павлодар облысының әділет департаментінде 13 қала , аудан әділет басқармалары қызмет атқарады.

13 құрылымдық бөлімше:

-Азаматтық хал актілерін тіркеуді және апостильдеуді қамтамасыз ету және бақылау бөлімі
-Атқару өндірісін есепке алу және бақылау бөлімі
-Атқару өндірісін қамтамасыз ету басқармасы
-Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
-Жеке сот орындаушылар қызметін ұйымдастыру бөлімі
-Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімі
-Заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімі
-Зияткерлік меншік құқықтары бөлімі
-Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі
-Персоналмен жұмыс және ішкі қауіпсіздік бөлімі
-Қаржы және материалдық-техникалық бөлімі
-Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімі
-Ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімі