-A A +A

Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі

Бөлімнің негізгі міндеттері:

          1) жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;

          2) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу және оларды жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен жариялау тәртібін реттейтін заңнаманың сақталуын бақылау;

            3) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;

            4) заңға тәуелді актілерге жүргізілетін мониторинг бойынша әкімдіктер мен мәслихаттардың заң қызметі жұмысын үйлестіру.

          Бөлімнің функциялары:

мәслихаттардың, әкімдіктер мен әкімдердің нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінің аймақтық бөлімін жүргізу;

мәслихаттарда және әкімдіктерде мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерге тексеруді жүзеге асыру;

әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын, бірақ одан өтпеген мәслихаттардың, әкімдіктер мен әкімдердің нормативтік құқықтық актілеріне қатысты заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізу;

әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін мәслихаттардың, әкімдіктер мен әкімдердің нормативтік құқықтық актілеріне қатысты заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізу;

          мәслихаттардың, әкімдіктер мен әкімдердің тіркелген нормативтік құқықтық актілерінің тізбесін көпшіліктің назарына ұсыну үшін жариялау;

          Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;

          жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау.