-A A +A

Азаматтық хал актілерін тіркеуді және апостильдеуді қамтамасыз ету және бақылау бөлімі

Бөлімнің негізгі міндеттері:

          1) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді және апостильдеуді жүзеге асыру саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

          2) жергілікті атқарушы органдардың азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша қызметтерін нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету.

          4. Бөлімнің функциялары:

жергілікті атқарушы органдардың азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша қызметтерін нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету;

әділет органдарынан және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктегі әділет органдарынан және осы аумақтағы нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою;

азаматтық хал актілерін тіркеуге бақылауды жүзеге асыру;

          жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау.