-A A +A

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімі

Бөлімнің негізгі міндеттері:

          1) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша аудандық (қалалық) әділет басқармаларының қызметіне әдістемелік басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асыру;

          2) жеке және заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету.

          4. Бөлімнің функциялары:

қолданыстағы заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуді, ақпараттық қызметтерді көрсетуді, мұрағатты жүргізуді және құжаттардың сақталуына бақылау жүргізу;

«Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорына және «Жылжымайтын мүлік тіркелімінің электрондық мұрағаты» ақпараттық жүйесіне мәліметтерді тиісті түрде енгізуге бақылауды жүзеге асыру;

жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері мен сапасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша аудандық (қалалық) әділет басқармаларына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;

жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу бойынша аудандық (қалалық) әділет басқармаларының қызметіне үйлестіруді жүзеге асыру;

жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау.