-A A +A

Заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімі

           Бөлімнің негізгі міндеттері:

          1) жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, қорларды және заңды тұлғалардың қауымдастықтарын мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, тарату;

          2) қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу, қайта тіркеу, есептік тіркеуден шығару;

          3) Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiн жүргізу.

          Бөлімнің функциялары:

          мемлекеттік тіркеуге (қайта тіркеуге, таратуды тіркеуге), есептік тіркеуге (қайта тіркеуге), есептік тіркеуден шығаруға келіп түскен құжаттардың толықтығын, дұрыс дайындалуын және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексеру;

          мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу, таратуды тіркеу), есептік тіркеу (қайта тіркеу), есептік тіркеуден шығаруға ұсынылған құжаттардың Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес келген жағдайында бұйрықтарды Әділет Ддпартаментінің басшысына қол қоюға ұсыну;

          Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне, сондай-ақ электрондық деректер банкіне заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтерді енгізу;

          Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 466 бабына сәйкес әкімшілік істер қозғау;

          заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін тіркеу, қайта тіркеу, тарату мәселелері бойынша құқық қорғау органдарының және заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау;

          заңды тұлғаларды тіркеу, қайта тіркеу, тарату мәселелері бойынша соттарда Әділет департаментінің (аудандық, қалалық әділет басқармаларының) мүддесін бекітілген тәртіпте қорғау;

          құқықтық насихаттау мен заңнаманы түсіндіруге қатысу;

          мұрағатта сақталатын тіркеу материалдарын сақтауды, есепке алуды, реттеу мен пайдалануды қамтамасыз ету;

          аудандық (қалалық) әділет басқармалары жұмысына бақылау жасау, сондай-ақ оларға әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;

          Әділет департаментімен бекітілген іс номенклатурасына сәйкес іс жүргізу.