-A A +A

Ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімі

Бөлімнің негізгі міндеттері:

          1) Департамент қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

          2) Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері қызметінің тиімділігін талдау;

          3) Департаменттің құрылымдық, аумақтық бөлімшелерін кешенді тексеруді ұйымдастыру.

          Бөлімнің функциялары: 

          алқа отырыстарын, аппараттық және жедел кеңестерді, Департамент басшысымен өткізілетін кездесулерді ұйымдастыру, тиісті материалдарды әзірлеу, кеңес хаттамаларын жүргізу және тапсырмалардың орындалуын бақылау;

          Департаменттің жұмыс жоспарларын, алқа жұмысы жоспарларын қалыптастыру және дайындау, олардың орындалуын бақылау;

          Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері қызметін талдау;

          құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің Департаменттің қызметін жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын талдау және олар бойынша қорытынды дайындау;

          Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері қызметіне жүргізілген талдаудың қорытындысы бойынша Департамент басшысына қызметтік хат дайындау;

          Департамент басшысына Департамент қызметінің сұрақтары бойынша аналитикалық, анықтамалық материалдар дайындауды қамтамасыз ету;

          Департаменттің құрылымдық, аумақтық бөлімшелерінің кешенді тексеру жүргізу бойынша комиссия құрамын қалыптастыру және келісу;

          Департамент басшысына кешенді тексерулердің қорытындылары туралы есептерді ұсыну, олардың орындалуын бақылау;

          кешенді тексерулерді жүргізу сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу;

          кешенді тексерулерді және Департамент басшысының басқа бақылау тапсырмаларын талдау және талдап қорыту;

          тексерулермен анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің оларға болашақта жұмыс барысында жол бермеу мақсатында толық және уақтылы жойылуын бақылау;

жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау.