-A A +A

Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімі

Бөлімнің негізгі міндеттері:

          1) құқықтық көмекті ұйымдастыру және зангерлік қызмет көрсету;

          2) бағалау қызметі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

          3) құқықтық насихаттауды қамтамасыз ету.

          4. Бөлімнің функциялары:

аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекет жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдарын аттестациялауды жүргiзу;

аумақтың нотариаттық палатамен бірлесіп жекеше нотариустың қызмет аумағын анықтау;

мемлекеттік нотариаттық кеңселерді ашу және тарату;

Қазақстан Республикасы  заңдарының талаптарына сәйкес нотариустардың мөрлерiн жасауға тапсырысты жүзеге асыру және оларды беру;

нотариаттық округте нотариустар уақытша болмаған кезде нотариаттық палатамен бірлесіп, нотариаттық іс-әрекеттердің жасалуын ұйымдастыру;

нотариат мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқамалық және түсіндірме материалдармен қамтамасыз ету;

аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттерді жүзеге асыратын лауазымды адамдарына әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;

халықты мемлекеттiк және жекеше нотариустардың қызмет ету аумағы туралы үнемi ақпараттандыру;

нотариустың лицензиясын тоқтата тұру, айыру және қолданылуын тоқтату туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне (бұдан әрі Министрлік) ұсыныс енгізу;

нотариаттық палатамен бірлесіп, тиісті нотариаттық округте өз қызметін тоқтатқан нотариустың жеке мөрін жою және құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа беру жөнінде, сондай-ақ егер нотариустың лицензиясының қолданылуы тоқтаған жағдайда лицензияны лицензиарға беру үшін, оны алу жөнінде шара қабылдау;

нотариаттық палатаға жекеше нотариусты жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізу;

жекеше нотариустардың «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының талаптарын сақтауын бақылауды ұйымдастыру және өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаудан бас тартқан және Қазақстан Республикасының жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңнамасының өзге де талаптарын бұзатын жекеше нотариустарға шара қолдану;

нотариустар және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң өкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдары жасаған нотариаттық iс-әрекеттердiң заңдылығын және олардың iс жүргiзуiнiң жай-күйiн бақылауды жүзеге асыру;

адвокаттар мен нотариустардың жеке және заңды тұлғаларға көрсететін заңгерлік қызметтерінің сапасын бақылау;

          адвокаттық қызметпен айналысу лицензиясының мерзімін тоқтата тұру туралы және адвокаттың лицензиясын тоқтату туралы талап арызды бастамашылық ету туралы ұсыныстарды Министрлікке енгізу;

нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсетуі саласында заңдылықты ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

нотариустың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

аумақтық нотариаттық палатаның қызметін бақылауды жүзеге асыру;

аумақтық нотариаттық палатамен бiрлесiп Министрлiкке бекiтуге нотариаттық әрбір округтегi нотариустардың ең аз саны туралы ұсыныс енгiзу;

мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін субъектілердің қызметін үйлестіру, сондай-ақ көрсетілетін заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;

халықты мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы құқықтық сауаттандыруды және оларға құқықтық ақпарат беруді қамтамасыз ету;

мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың тізімін тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымында жариялайды және өзінің интернет-ресурсына орналастырады;

          терроризм актісінің салдарынан зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларға және оның жолын кесуге қатысқан адамдарға өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша, оның ішінде қажетті құжаттарды беруде тегін қажетті құқықтық көмекті ұйымдастыру;

          бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

          құқықтық насихатты ұйымдастыруды үйлестіру, заңнамалық түсіндіруге қатысу;

          Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;

          жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау.