-A A +A

Зияткерлік меншік құқықтары бөлімі

Бөлімнің негізгі міндеттері:

          1) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу;

          2) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында түсіндіру жұмысын жүргізу, құқықтық білімді насихаттау;

          3) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында заңнаманы қолдану тәжірибесін қорытындылау

          4) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру сұрақтары бойынша мемлекеттік органдармен әрекеттесуді ұйымдастыру.

           Бөлімнің функциялары:

зияткерлік меншік құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша жеке және заңды тұлғаларға кеңес беру;

зияткерлік меншік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын қорғау пәніне жеке және заңды тұлғаларға тексеріс жүргізу;

зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында заңнаманы қолдану тәжірибесін қорыту;

          Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;

          жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау.