-A A +A

Қаржы және материалдық-техникалық бөлімі

Бөлімнің негізгі міндеттері:

        - міндеттемелер және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын орындау;

         - мемлекеттік сатып алу жоспарын орындау;

         - Департамент қызметкерлеріне уақтылы еңбек ақы төлеу;

         - материалдық техникамен қамтамассыз ету және оны сақтау

          Бөлімнің функциялары: 

         белгіленген тәртіпте енгізілген өзгерістерді ескере отырып, төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес қаражатты дұрыс және тиімді мақсатқа лайықты шығындалуын бақылау;

         ақша құралдарының және материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау;

         Департамент қызметкерлеріне еңбек ақыны есептеу және уақтылы аудару, салықтарды, жеке табыс салықтарын, әлеуметтік салықтарды, зейнетақылық жарналарды, әлеуметтік аударымдарды есептеу және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару;

         ақша құралдарын, есептерді және материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысу, түгендеудің қорытындыларын уақтылы және дұрыс анықтау, оларды есепке алу;

         материалдық жауапты тұлғаларға олардың жауапты сақталуында болатын құндылықтарды есепке алу және сақтау сұрақтары бойынша нұсқау беру;

         белгіленген мерзімде бухгалтерлік есепті жасау және ұсыну;

         қаржыландыру жоспарларын және оларға есептеулерді жасау және оларды Департамент басшысымен келісу;

         активтердің, азқұнды және тез тозатын құралдардың және өзге материалдық құндылықтардың оларды сақтау және пайдалану орындарында сақталуын бақылау;

         есепке алу және есептеу сұрақтары бойынша ережелерді, нұсқаулықтарды, әдістемелік нұсқауларды, бухгалтерлік қызмет құзыретіне жататын өзге нормативтік құжаттарды жүйелі есепке алу;

         бастапқы құжаттарды, бухгалтерлік есеп тізілімдерін, есептеу, есепке алу саясаты құжаттарын, есеп құжаттарын электрондық өңдеу бағдарламаларын, оларға есептеулерді, өзге құжаттарды қағаз және электрондық тасымалдағышта сақтау, сондай-ақ, оларды Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мұрағатқа тапсыру;

         штат кестесін, бюджеттік құралдарды жоспарлау бойынша бюджеттік өтінімдерді, Департамент бойынша мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарларын құрастыру;

         қаржыландыру жоспарына сәйкес берілген рұқсат шегінде міндеттемелерді орындау;        

         қатаң есептегі бланкілерді есепке алу және есептен шығару;

         Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазынашылық департаментінің және өзге мемлекеттік органдардың хаттарын, сұрауларын өз құзыреті шегінде қарау; 

         бір қайнар көзден, баға ұсыныстары бойынша мемлекеттік сатып алу бойынша шарттар жасасу және ашық конкурстар өткізу;

         Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ақпараттық технологиялармен, ақпараттық технологиялар саласында жабдықтаушылармен көрсетілетін қызметтер сапасына мониторинг жүргізумен байланысты жүргізілетін іс-шараларды ұйымдастыру және мониторинг жүргізу, ақпараттық технологиялар басқармасының тапсырмаларын іске асыру.