-A A +A

Жеке сот орындаушылар қызметін ұйымдастыру бөлімі

Бөлімнің негізгі міндеттері:

1) жасаған атқарушылық іс-әрекеттердің заңдылығы және жеке сот орындаушылармен іс жүргізу ережесінің сақталуын бақылау;

2) жеке сот орындаушыларын есептік тіркеуді жүргізу.

          4. Бөлімнің функциялары:

жеке сот орындаушыларын есептік тіркеуді жүргізу;

жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасымен бірлесе отырып атқарушылық қызметті жүзеге асыратын жеке сот орындаушыларының біліктілігін арттыруды жүргізу;

жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне енгізу;

тәртіптік комиссияға жеке сот орындаушысын жауаптылыққа тарту туралы ұсыныс енгізу;

          жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасымен бірлесе отырып жеке сот орындаушылары жасайтын атқарушылық іс-әрекеттерінің заңдылығына және олардың іс қағаздарды жүргізу ережелерін сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

          жасалған атқарушылық іс-әрекеттердің заңдылығы және жеке сот орындаушылармен іс жүргізу ережесінің сақталуын бақылау;

          жеке сот орындаушыларымен «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарының және атқарушылық өндірісі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамаларының өзге де нормаларының сақталуын бақылау;

          жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау.