-A A +A

Персоналмен жұмыс және ішкі қауіпсіздік бөлімі

Бөлімнің негізгі міндеттері:

          1) азаматтардың Департаменттің мемлекеттік қызметіне қол жеткізуде тең құқығын қамтамасыз ету және олардың кәсіби дайындықтары мен жеке қасиеттеріне сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарлату;

2) кәсібилікті нығайту мақсатында қазіргі заманғы талаптар төңірегінде Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша жұмысты шығармашылықпен ұйымдастыруға қабілетті кадрларды сапалы жинақтау жөнінде шаралар кешенін жүзеге асыру

3) мемлекеттік қызметшілермен аттестаттаудан өтуімен байланысты шешімдерді ресімдеу;

          4) Департамент қызметкерлерінің штаттық және нақты санын жүргізу;

5) Департаменттің мемлекеттік қызметшілерін оқытуды, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру;

6) мемлекеттік қызметке келумен байланысты шектеулерді сақтау мәселелері бойынша, сондай-ақ Департамент қызметіндегі заңдылықты нығайту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

7) қызметтік тексерулер жүргізуде, өтініштерді, бұзушылықтар туралы хабарламаларды қарауда заңдылықты қамтамасыз ету;

8) сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу, анықтау және жолын кесу мәселелері бойынша жұмысты үйлестіру және жүргізу;

9) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар және қылмыстар жасауға мүмкіндік туғызатын себептер мен шарттарды анықтау, оларды жою бойынша шаралар қолдану;

10) Департаменттің сыбайлас жемқорлық құқық бұзышылық жасаған, мемлекеттік қызметтен жағымсыз қылықтары бойынша шығарылған қызметкерлері туралы деректер қорын жүргізу және жаңарту.

          4. Бөлімнің функциялары:

          Департамент басшысының бұйрықтарын әзірлеу;

          Департаменттің бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурстар өткізу туралы хабарламаларын кейіннен республикалық ақпарат құралдарында жариялау үшін дайындау; 

          еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Департаменттің қызметкерлерін тағайындауға келісім бойынша құжаттарды дайындау;

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас ждемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің Павлодар облысы бойынша департаментіне ұсыну үшін мемлекеттік қызметшілерді аттестаттаудан өткізу жөнінде тапсырысты дайындайды;

          Департамент қызметкерлерінің есептік-кадрлық құжаттарын жүргізу және сақтау;

          Департаменттің әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына біліктілік талабы жинақтарын әзірлеу;

          Департаменттік аттестациялық, конкурстық комиссиясының, материалдық көмек көрсету, еңбек өтілін есептеу бойынша комиссиясының қызметін қамтамасыз ету;

          әкімшілік мемлекеттік қызметшінің ант қабылдау рәсімін өткізуді ұйымдастыру;

          Департамент бойынша кадрлардың құрамы мен ауысымы туралы статистикалық есеп жасау және талдау;

          Департамент бойынша мемлекеттік қызметшілердің саны және жүргізілген конкурс нәтижелері бойынша есеп жасау және талдау;

          Департамент кадрларының жай-күйіне мониторинг жүргізу, сондай-ақ өткізіліген конкурстардың қорытындысы бойынша әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің бос лауазымына орналасу үшін кадр резервін құру;

          Департамент қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарына жіберуді ұйымдастыру;

          мемлекеттік еңбек өтілін есептеу бойынша жұмыстар жүргізу, Департаменттің қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдары үшін үстемақы пайызын төлеу үшін еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комисссия хаттамасын ресімдеу;

          Департамент қызметкерлерінің уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы еңбекке жарамсыздық парақтарын толтыру;

          Департамент қызметкерлеріне қызметтік куәлікті ресімдеу және беру;

          еңбек шарттарын ресімдеу;

          Департаментте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар және қылмыстар жасауға мүмкіндік туғызатын себептер мен шарттарды анықтау, алдын алу және жолын кесу бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру, өз қатарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нысандары мен әдістерін жетілдіру;

          Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметін үйлестіру және бақылау, оларға тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету;

Департаменттің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық және оларды жасауға мүмкіндік туғызатын бұзушылықтар, лауазымдық бұзушылықтар және Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің нормаларын бұзу фактілері бойынша қызметтік тексерулер жүргізу, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу;

Департаменттің тәртіптік комиссиясының қызметін қамтамасыз ету;

Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша жұмысының жағдайын тексеру;

          жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау.