-A A +A

Атқару өндірісін қамтамасыз ету басқармасы

Басқарманың негізгі міндеттері:

1) атқарушылық құжаттардың орындалуын ұйымдастырушылық, әдістемелік қамтамасыз ету;

2) жасаған атқарушылық іс-әрекеттердің заңдылығы және мемлекеттік пен жеке сот орындаушыларымен іс жүргізу ережесінің сақталуын бақылау;

3) атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқаулық және түсіндіру материалдарын әзірлеу;

4) жеке сот орындаушыларын есептік тіркеуді жүргізу.

          5. Басқарманың функциялары:

          атқарушылық құжаттардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету;

          жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

          атқарушылық өндірістердің санына есеп жүргізуді және бақылауды, ведомствалық мұрағаттың дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету;

          сот орындаушыларының қызметіне ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

          сот орындаушыларының жұмысының ұйымдастырылуын жетілдіру бойынша талдау жүргізу және ұсыныстар енгізу;

          атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқаулық және түсіндіру материалдарын әзірлеу;

сот орындаушыларының біліктілігін арттыру бойынша шаралар қолдану;

жеке сот орындаушыларын есептік тіркеуді жүргізу;

жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасымен бірлесе отырып атқарушылық қызметті жүзеге асыратын жеке сот орындаушыларының біліктілігін арттыруды жүргізу;

жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне енгізу;

тәртіптік комиссияға жеке сот орындаушысын жауаптылыққа тарту туралы ұсыныс енгізу;

жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасымен бірлесе отырып мемлекеттік және жеке сот орындаушылары жасайтын атқарушылық іс-әрекеттерінің заңдылығына және олардың іс қағаздарды жүргізу ережелерін сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

          сот орындаушыларының аумақтық бөлімдерінің атқару құжаттарын уақтылы және сапалы орындау, жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша қызметін бақылау;

          жасалған атқарушылық іс-әрекеттердің заңдылығы және мемлекеттік пен жеке сот орындаушыларымен іс жүргізу ережесінің сақталуын бақылау;

          жеке сот орындаушыларымен «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарының және атқарушылық өндірісі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамаларының өзге де нормаларының сақталуын бақылау;

          жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау.