-A A +A

Атқару өндірісін есепке алу және бақылау бөлімі

Бөлімнің негізгі міндеттері:

1) атқарушылық құжаттардың орындалуын ұйымдастырушылық, әдістемелік қамтамасыз ету;

2) жасаған атқарушылық іс-әрекеттердің заңдылығы және мемлекеттік пен жеке сот орындаушыларымен іс жүргізу ережесінің сақталуын бақылау;

          3) атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқаулық және түсіндіру материалдарын әзірлеу.

          4. Бөлімнің функциялары:

          атқарушылық құжаттардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету;

          жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

          атқарушылық өндірістердің санына есеп жүргізуді және бақылауды, ведомствалық мұрағаттың дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету;

          сот орындаушыларының қызметіне ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

          сот орындаушыларының жұмысының ұйымдастырылуын жетілдіру бойынша талдау жүргізу және ұсыныстар енгізу;

          атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқаулық және түсіндіру материалдарын әзірлеу;

сот орындаушыларының біліктілігін арттыру бойынша шаралар қолдану;

          сот орындаушыларының аумақтық бөлімдерінің атқару құжаттарын уақтылы және сапалы орындау, жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша қызметін бақылау;

          жасалған атқарушылық іс-әрекеттердің заңдылығы және мемлекеттік сот орындаушылармен іс жүргізу ережесінің сақталуын бақылау;

          жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау.