-A A +A

Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі

Бөлімнің негізгі міндеттері:

          1) хат-хабарларды орындау мерзімдерін бақылауды қамтамасыз ету;

          2) Департаментте мемлекеттік тілді дамытуды қамтамасыз ету;

          3) Департамент басшылығымен азаматтарды қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

          4) Департаменттің ведомстволық мұрағатының жұмысын ұйымдастыру;

          5) «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» № 1-ОЛ нысандағы есебін жүргізу.

          4. Бөлімнің функциялары:

          заңнамамен белгіленген тәртіпте Департаменттің құпия емес электрондық құжат айналымын ұйымдастыру және жүргізу;

          Департамент басшысының, Департамент басшысының орынбасарларының аттарына келіп түскен кіріс және шығыс құжаттарын өңдеу және бөліп тарату;

          Департамент басшысымен, Департамент басшысының орынбасарларымен қарастырылған құжаттарды Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне орындау үшін уақтылы беруді қамтамасыз ету;

          Құрылымдық бөлімшелер және Департамент басшысының, Департамент басшысы орынбасарларының қабылдау бөлмелеріндегі мамандарының электрондық құжат алмасуды жүргізу бойынша қызметін үйлестіру;

          Департаментке түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, есепке алу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

          «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» № 1-ОЛ нысандағы есебін жүргізу;

          Департаменттің ведомстволық мұрағатының жұмысын қамтамасыз ету;

          Департамент басшылығымен азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру;

          Департаменттің істер номенклатурасын құрастыру;

          Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тапсырмаларын; басқа мемлекеттік органдардан түсетін құжаттарды, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кеңес, алқа отырысы хаттамаларынан, жұмыс жоспарларынан шығатын іс-шараларды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдап қорыту, бақылауға алу және бақылаудан алу;

          Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне тапсырмалардың орындалуын бақылау, құжаттамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік тілді дамыту және енгізу сұрақтары бойынша тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету;

          Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінде мемлекеттік тілді енгізу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;

          мемлекеттік тілді оқып жүрген қызметкерлер үшін жағдай жасау; мемлекеттік тілді оқыту бойынша курстарды ұйымдастыру және олардың әрекет етуіне бақылау жасау, мемлекеттік тілді енгізу және дамыту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

          Департаментте тілдерді дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламадағы мемлекеттік тілдің әрекет етуі бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және орындау;

          Павлодар облысы әділет органдарының терминологиялық секциясының жұмысын ұйымдастыру;

          жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау.