-A A +A

Павлодар облысы бойынша кәсіби бағалаушылар палатасы

Төрағаның Т.А.Ә. – Четверикова Инна Анатольевна

Телефон: 8 (7182) 51-32-40

Пошта мекен-жайы: индексі 140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Петропавл қ., Крупской көшесі, 76, 306 кеңсе

Электрондық поштаның мекен-жайы: valuer.kz@mail.ru

Палатаның қызметі:

1)  бағалаушының іскерлік және кәсіби этикасы ережелерін әзірлеу және бекіту;

2)  бағалаушыларды оқыту және қайта даярлау;

3)  қабылдау мен палата мүшесінен шығару негіздерін көрсете отырып бағалау палатасының мүшесіне қабылдаудың ережелері мен шарттарын әзірлеу және бекіту;

4)  өз мүшелерінің мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, сонымен қатар бағалаушылардың халықаралық кәсіби ұйымдарымен қарым-қатынастағы мүдделерін ұсыну,

5)  өз мүшелерінің бағалау қызметі туралы заңнама талаптарын, бағалау стандарттарын, іскерлік және кәсіби этика ережелерін сақтауын қамтамсыз ету;

6)  бағалау палатасы мүшелерінің реестрін жүргізу және сол реестрде бар ақпаратты уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте мүдделі тұлғаларға ұсыну;

7)  өз мүшелерінақпараттық және әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

8)  палата бағалаушысына палата бағалаушыларының, бағалау қызметі саласындағы қызмет тұтынушыларының өтініштерін, қолдаухаттарын, шағымдарын қарау;

9)  уәкілетті органға әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалау палатасының мүшесінің лицензиясын тоқтата тұру немесе одан айыру бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істі қозғау туралы қолдаухатты ұсыну;

10)  білікті комиссия құрамына қосу үшін өкілдерді табыстау.