-A A +A

Павлодар облыстық адвокаттар алқасы

Төралқа төрағасының Т.А.Ә. – Золотов Владимир Константинович

Телефон: 8 (7182) 68-74-16

Пошта мекен-жайы: индексі 140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Кутузов көшесі, 46/1 -2

Электрондық поштаның мекен-жайы: pavl.advokatura@mail.ru

Адвокаттар алқасының міндеттері:

Адвокаттық қызметтi жүзеге асыру кезiнде алқа мүшелерiне жәрдемдесу, кәсiби көмек көрсету және оларды қорғау; алқа мүшелерiнiң қызметiн материалдық-техникалық және анықтамалық-ақпараттық қамтамасыз ету; адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға кәсiптiк бақылауды ұйымдастыру; алдын ала тергеу және сот органдарының белгiлеуi бойынша тегiн заң көмегiн көрсету мен қорғауды ұйымдастыру болып табылады.

Адвокаттар алқасының функциялары:

1)    адвокаттар алқасының жеке және заңды тұлғаларға заң көмегiн, сонымен қатар ҚазақстанРеспубликасының заңдарында көзделген жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегін көрсету жөнiндегi жұмысын ұйымдастырады;

2)    жалпы жиналыстың (конференцияның) шешiмдерiн орындауды ұйымдастырады, жалпы жиналысты (конференцияны) шақырады;

3)    адвокаттардың кәсiби және өзге де құқықтарын қорғайды;

4)    адвокаттар алқасының мүшелiгiне қабылдауды жүзеге асырады, алқа мүшелiгiнен шығарады, адвокаттардың тағылымдамадан өтушiлерiн даярлауды ұйымдастырады;

5)    адвокаттардың қызметі туралы олардың жинақталған есептерін Республикалық адвокаттар алқасына тоқсан сайын ұсынады;

6)    адвокаттық қызметін ауылдық елді мекенде кемінде үш жыл міндетті түрде жүзеге асыру шартымен адвокаттар алқасына мүше болып қабылданатын адвокаттарды бастапқы нысаналы жарна төлеуден босатады;

7)    жүктілігі және тууы бойынша не бала үш жасқа толғанға дейін оны күтіп-бағу бойынша демалыста болған кезеңінде адвокаттарды және уақытша еңбекке жарамсыздығы салдарынан қатарынан екі айдан астам адвокаттық қызметті жүзеге асырмаған адвокаттарды ай сайынғы мүшелік жарнаны төлеуден босатады;

8)    адвокаттың әрекеттерiне жеке және заңды тұлғалардан түскен шағымдарды (ұсыныстарды) тексеру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

9)    адвокаттардың тәртiптiк терiс қылықтары туралы материалдарды қарайды және кiнәлi адамдарға тәртiптiк жаза қолданады;

10)  адвокаттардың аттестаттауын өткiзудi және олардың кәсiби бiлiктiлiгін арттыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

11)  ҚР «Адвокаттық қызмет туралы» Заңында көзделген негiздер бойынша лицензиарға адвокатқа қатысты адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы талап-арызды дайындау туралы өтiнiш береді;

12)  адвокаттардың кәсiби деңгейiн көтеру жөнiндегi шараларды жүргiзедi, оң жұмыс тәжiрибесiн талдайды, қорытады және таратады;

13)  кодификациялық-анықтамалық жұмысты жүргiзудi ұйымдастырады, адвокаттық қызмет мәселелерi бойынша әдiстемелiк құралдар мен ұсынымдар әзiрлейдi және басып шығарады;

14)  заң кеңестерін құрады, олардың меңгерушiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

15)  адвокат куәлiгiн бередi, оның нысанын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бекiтедi;

16) адвокаттар алқасының қаражатына Жарғы мен жалпы жиналыс (конференция) белгiлейтiн тәртiппен иелiк жасайды;

17) бухгалтерлік есептің, қаржылық есептіліктің жүргізілуін, іс қағаздарын жүргізуді және алғашқы статистикалық деректерді қалыптастыруды ұйымдастырады;

18) адвокаттар алқасының мүлкіне билік ету тәртібін белгілейді;

19) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналысының (конференциясының) ерекше құзыретiне жатқызылғандарды қоспағанда, адвокаттар алқасы қызметiнiң өзге де мәселелерiн шешедi.